Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

UFC ұйымындағы бірінші жекпе-жегімді не қарашада, не желтоқсанда өткіземін - Қуат Хамитов

Қуат Хамитов алдағы жоспарлары туралы бөлісті.


©vesti.kz
©vesti.kz
Ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов Vesti.kz порталының тілшісіне қытайлық WBK промоушеннінде чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жегі және UFC ұйымында қашан шығатынын айтып берді. 

- Жекпе-жек 5 нәмесе 6 наурыз күні Қытайдың Шанхай қаласында өтеді. Қазір сол жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Аптасына алты рет дайындық жұмыстарын істеймін. Пхукетте өткізіп жатқан жиында әлемнің он шақты чемпионы жиналған. Сондықтан әр жаттығуымыз жоспарланған және тиянақты өтеді. 

- Бұл жекпе-жектегі қарсыласыңыз туралы не білесіз? Оның мықты және осал тұстарын айта кетсеңіз ...

- Қарсыласымның кім болатынын жуық арада анықтаймын. Жалпы маған Қытай жерінде қарсылас табу қиын. Келіссөз ұзақ жүреді. 

UFC туралы айтсақ. Ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең танымал ұйыммен қашан келіссөз жасайсыз?

- Биыл менің WBK және Fight Nights Global аясында екі чемпиондық атаққа таласатын жекпе-жекпе-жектерім бар. Егер бұл екі кездесуде де жеңіске жетіп, рейтингімді сақтап қалатын болсам, онда мен  2017 жылдың соңында сөзсіз UFC-ге ауысамын. Айтпақшы, бұл ұйымның өкілдері Қытайға келіп, менің жекпе-жегімді көреді. 

- Демек, UFC-дегі бірінші жекпе-жегіңіз күзде өтуі мүмкін ғой, иә?

- Қараша немесе желтоқсан айлары бұл ұйымда бірінші жекпе-жегімді өткізуге жақсы уақыт. Өйткені, мен Канадада жаттығу жұмыстарымды өткіземін. Бірақ мен дәл қазіргі уақытта тек келесі жекпе-жегім туралы ойлап жүрмін. 

- Қазір дайындығыңыз қалай?

- Мен әлі де болса өзімді керемет дайынмын дей алмаймын. Алайда әлі уақыт бар. Шынымды айтсам, мен UFC-ға асығып жатқаным жоқ. 

- Fight Nights Global промоутерлік ұйымның аясында бір жекпе-жек өткізіп үлгердіңіз. Осы кездесу туралы айтып өтсеңіз ...

- Мен желтоқсанның ортасында Мәскеуде өткен кеште Гаджи Рабаданов деген спортшымен төбелесті. Үшінші раунда жеңіске жеткенім туралы хабардар шығарсыздар деген ойдамын. Жалпы мені Ресей жанкүйерлері жақсы қабылдады. Мен осы уақытқа дейін он шақты ұйымда 15 мемлекетте жекпе-жек өткіздім. Мені жалпы барлық жерде жылы қабылдап жүр. 

-Әңгімеңізге рақмет. Табыстар тілейміз!


  Пікір: 0
  0