Жеңілірек салмақта бұрынғы UFC чемпионы
Ронда Роузи реслинг қатысушысы болады, - деп жазады ESPN басылымы.
30 жастағы америкалық спортшы WWE компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Ол осыған дейін де бұл шоу көрсетілімдерінде бой көрсеткен спортшылардың бірі.
Реслинг – алдын-ала жоспарланып, шоу үшін ұйымдастырылатын спортшылар сайысы.
Ронда Роузи UFC жарысында соңғы рет 2016 жылдың 31 желтоқсанында жекпе-жек өткізді. Әлем чемпионы атағы үшін өткен
Аманда Нуньеске қарсы кездесуде техникалық нокаутпен жеңілген болатын.
Жарнама