auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Арман жүз пайыз жеңілген жоқ". Хамитов Оспановтың Мәскеуде өткізген кездесу туралы пікірімен бөлісті

"Арман жүз пайыз жеңілген жоқ". Хамитов Оспановтың Мәскеуде өткізген кездесу туралы пікірімен бөлісті
Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов Мәскеуде өткен Арман Оспановтың жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті. Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбаты барысында Хамитов Оспановты жеңілген жоқ екенін айтты. 

Еске салайық, Арман Оспанов пен ресейлік Алексей Полпудников арасындағы даулы кездесу Мәскеуде ACB 77 турнирі аясында өткен еді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Полпудниковке берді. Бірақ бұл нәтижемен көптеген жанкүйерлер келіспеді. 

"Иә, мен Оспановтың жекпе-жегін көрдім. Кездесу туралы не айтуға болады дейсіз бе? Егер жекпе-жекті жанкүйер ретінде тамашалайтын болса, онда жеңісті Арманға беру керек еді. Әсіресе үшінші раундтан кейін. 

Егер төрешілер секілді әр раундты бөлшектеп қарайтын болса, олар бірінші және екінші раунды Полпудниковтің еншісіне жазды. Тек соңғы раудта ғана Арманның жеңісін тіркеді. Осылайша жеңімпазды анықтады. 

Жекпе-жекті телеарнадан және тірідей көрудің айырмашылығы жер мен көктей. Мүмкін төрешілер біз телеарнадан көре алмаған жағдайды байқап қалған шығар. Дегенмен де төрешілер біздің спортшының көрсеткішін тас-талқан етті. Ең болмағанда тең нәтижені тіркеу керек еді. Ол кездесуде Арман 100 пайыз жеңілген жоқ", - дейді Хамитов. 

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін ACB құрылтайшысы Майрбек Хасиев екі спортшының Қазақстанда жекпе-жек өткізетініне уәде берді.

Полпудников Оспановпен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол көрермендердің наразылығына да жауап берді.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама