Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Мейвезер МакГрегормен өткізген кездесу туралы шындықты айтты

Олардың кездесуі 26 тамыз күні өткен болатын.


 Мейвезер - МакГрегор. Reuters©
Мейвезер - МакГрегор. Reuters©
Төрт салмақ бойынша әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін ирландиялық спортшы Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша өткен кездесудің шындығы туралы айтып берді. Бұл туралы Eurosport порталы хабарлайды. 

Мейвезер мен МакГрегор арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, оныншы раунда америкалық боксшының пайдасына аяқталды. 

Бұл кездесуден Мейвезер 100 миллион, МакГрегор 30 миллион көлемінде сыйақы алды. Бірақ бұл соммаға екі боксшыға ақылы көрсетілім (PPV), билет салымы мен жарнамалардан түскен табыс есептелмеді. Мейвезердің өзі бұл кездесуден кейін жалпы табысы 300 миллион болғанын айтса, МакГрегор 100 миллион доллар көлемінде пайда тауыпты. 

"Көпшілік Мейвезер мен МакГрегор кездесуіне күйе жаққысы келеді. Бірақ мен сіздерге шындықты айтайын. Бұл кездесуде жанкүйерлерге қызық болуы үшін МакГрегорға әдейі өзімді ұруға мүмкіндік бердім", - дейді Мейвезер BoxingScene басылымына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, 40 жастағы Мейвезер 29 жастағы МакГрегормен кездесудің алдында екі жыл шаршы алаңға шыққан жоқ болатын. Жуырда ғаламторда америкалық боксшының жаттығу жасап жатқан видеолары шықты. Кейбір мәліметтер бойынша, ол шаршы алаңға қайта оралуды жоспарлап жүр екен. Бірақ Мейвезердің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 



  Пікір: 0
  0