auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Тегімді қорлауды доғар!". Ағайынды Емельяненколардың арасында жанжал шықты

"Тегімді қорлауды доғар!". Ағайынды Емельяненколардың арасында жанжал шықты
© championat.com

Аралас жекпе-жекте танымал ресейлік спортшы Федор Емельяненко өзінің інісі Александрға ашық хат жазды. Оның хатын "Советский спорт" басылымы жариялады. 

Бұл хат Александр Емельянконың спорт басылымына берген сұхбатына жауап ретінде шыққан. Александр өз сұхбатында ағасымен соңғы он жыл бойы араласпайтынын, қарым-қатынастары қиын екенін, оның қарамағында жүрген адамдардың пайдасы жоқ екендігін, БАҚ өкілдерімен жанжалды және түрмеде өткізген өмірі жайлы айтқан еді.




Осы орайда Александрдың ағасы інісінің бұл қылығына шыдай алмай, ашық хат жазуға бел буған. Емельяненколардың үлкені өз хатын былай бастайды: "Менің спортшы ретінде мансабым қорғаштауға мәжбүр емес. Алайда Александр берген сұхбатында менің жақын адамдарыма тіл тигізгені жүрекке шаншудай тиді. Сол себепті де мен ашық түрде Александрға хат жазып отырмын. Оның сұхбатта айтқандарының ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Александр, саған бірінші және соңғы мәрте жауап беремін. 

Біріншіден сен үшін де, сенің қарамағыңда жүргендер үшін де мен Федя емес, Федормын. Вадим Финкельштейнге тіл тигізуің негізсіз. Ол сен үшін барын салды. Сенімен ешкім жұмыс істегісі келмеген уақытта тек осы адам ғана қолдау білдірді. Ол сенің жекпе-жектеріңе, емделуіңе қаражат берді. 



Гаврилов Василий Иванович пен Протасов Олег Валентиновичтен басқа бапкерім болмады деген сөзің нағыз рақметі жоқ адамның сөзі. 

Мен 11 жаста Гавриловқа барғанымда сен 6-да болдың. Сені үйде жалғыз тастап кете алмағандықтан, спортпен айналысуға мәжбүр болдың. Бапкер Владимир Михайлович Вороновтың сен үшін істеген талай еңбегін ұмыттың. Ол сенің ерсі қылықтарыңның бәріне шыдап, барлығын қабылдады. Александр Васильевич Мичков саған техникаңды қалыпқа келтіріп берді, оны да ұмыттың. Воронов Владимир Михайлович, Мичков Александр Васильевич, Меньшиков Олег Владимирович, Разумов Юрийлер сенің сұхбатыңды көріп, "ұстаздарымнан әлдеқайда озып кеттім" дегеніңді көріп қынжылған болар. 



Бірінші рет 18 жасыңда түрмеге түскеніңді жасырып қалыпсың. Бірақ сол кезде салынған денеңдегі татулар мен абақтыдағы достарыңмен түскен суреттер куә. Сол кезде менің жанымда жүрген адамдар талай көмектесіп, қолдау білдірді, соны ұмыту барып тұрған айуандық. 

Мирко Крокоппен жекпе-жекке шығуға ешкім сені үгіттеген жоқ. Сенің жаттығуларың мен ішімдікке құмарлығыңды көріп, барлығымыз қарсы болдық, алайда өз дегеніңді істеймін деп опық жедің. Әр сұхбатта маған "Сенің інің Крокоптан құлады" деген сөздер айтылатын. Сені төрешілер ешқашан басқан емес, себебі жекпе-жекте аса бір өнер көрсете де алмадың. Өзіңді дзюдодан спорт шеберімін дейсің, бірақ ол жалған дүние. Барлығын алдап жүрсің. Түрмеден шыққан соң ғана самбодан спорт шеберін алдың, бірақ дзюдодан емес. 

Телеарналарға миллион доллар табыс әкелдім дегендерің де жалған. Ол кездері ешқандай файтердің трансляция жасауға құқығы болған жоқ. Америкалықтар туралы айтқандарың да шындыққа жанаспайды. Атлетикалық комиссияның не себепті сені шығарып жібергенін өзің жақсы білесің. АҚШ-тан табыс табатыным жайлы айтыпсың, шын мәнінде ешқандай да дәйек жоқ, бірақ сенімді түрде сөйлейсің. 

Өзіңді қалай христиан дінінің өкілімін, інжілді оқимын деп айтуға аузың барады. Арақ ішіп, ұятсыз анекдоттар айтуға шеберсің. Онымен қоймай мұны Федор айтты дейсің. Адамдарды масқаралауға, ар-намысына тиетін сөздер айтуыңды доғар!

Мен негізінде біреудің айтқанына пікір білдірмеймін. Бірақ бұл жолы қол қусырып қарап отыра алмадым. Бұл менің бірінші әрі соңғы саған жазған жауабым. Әрдайым сенің айтқан жалған сөздеріңе жауап қайтарып отыру мен үшін абыройсыздық болар еді. 

Ал енді ең басты мәселе. Неліктен саған жауап қайтаруымның себебі: сен менің жақындарымды жағымпаз депсің. Нағыз жағымпаз - ол сен, Иуда. Сенің қиын қыстау күн кешіп жүрген уақытыңда саған көмек беріп, қолдаған адамдарға жаным ашиды. Мен талай адамнан сен үшін кешірім сұрадым. 



Мен туралы не айтсаң да өзің біл, барлығына да шыдаймын, бірақ менің жақындарым туралы ештеңе айтушы болма. Сен олардың тырнағына да татымайсың. 

Сен бір сұхбатыңда маған көмектесе алатының туралы айтыпсың. Түсінбеймін, сен қалай маған көмектесе аласың? Ішімдік құмар, абақтыда түнейтін адамнан не көмек болуы мүмкін. Бір ғана көмегің болсын - менің және ата-анамыздың тегін масқаралауыңды доғар!". 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама