Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері
Қуат "Найман" Хамитов ирландиялық танымал спортшы
Конор МакГрегордың командаласы
Питер Куиллимен октагонға шығады. Бұл туралы
MMA Fighters KZ хабарлады.
26 қараша күні Алматыда "FIGHT NIGHTS GLOBAL & AFC" халықаралық турнирі өтеді. Осы кештің басты жекпе-жегінде
Қуат Хамитов пен
Питер Куилли өзара мықтыны анықтайтын болады.
Осыдан бірнеше ай бұрын ирландиялық спортшы "Найманды" жекпе-жекке шақырып, "Кезек сенде, Хамитов!" - деген еді.
Алматыдағы турнирде
Жалғас Жұмағұлов та жекпе-жек өткізеді деп күтілуде.
Жарнама