Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Болжамдар бәйгесі Конкурс "Дрим Тим" Табло ТВ-расписание ЧМ-2018 по футболу
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Мен ешқашан допинг қолданған емеспін - Арман Оспанов

Отандасымыз ресейлік Расул Мирзоевпен қашан кездесуі мүмкін екенін айтты.

0 пікір
162
7 қыркүйек 2017 15:31
Атақты файтер Арман "Сұңқар" Оспанов 9 қыркүйек күні Алматыда кезекті кездесуін өткізуге дайындалуды. Жерлесіміздің қарсыласы кім, жекпе-жекке дайындығы мен Мирзоевпен кездесудің неліктен болмай жатқандығын Арман Оспановтың өз аузынан естіген едік.

- Жекпе-жек алдындағы дайындық қалай өтіп жатыр?

-Таяуда Дағыстанда және Тайландта жаттығу өткіздік. Қазір Алматыдамын, кездесуге психологиялық және физикалық тұрғыда толықтай дайынмын.

- Дағыстан демекші сол аймақтың ғана емес Әлем жанкүйерлеріне жақсы таныс Расул Мирзоев сізбен кездесуден қашқақтайтын сияқты. Сол жөнінде тарқатып айтып берсеңіз?

- Расул Мирзоевтың менімен жекпе-жекке шығудан бас тартуына қатысты түрлі болжамдар айтылады. Ол жекпе-жекке санаулы күн қалғанда қолымнан жарақат алдым деп бізге фотосуретін жіберді. Сонымен қатар, «Fight Nights» пен «Алаш Прайд» арасында ешқандай келісімшарттың болмауы да себепші болды еген сөздер шықты. Бірақ «Алаш Прайд» жігіттері оған дейін қаншама мәрте «Файт Найтс алаңында» өнер керсетті. Мысалы Ержан Естановтың өзі Расул Мирзаевпен екі рет кездесті.

Расулдың жарақат алуы да ақиқат болуы ықтимал. Себебі, жаттығу барысында жүріп-ақ алған шағын жарақатың сенің жекпе-жегіңе тікелей әсер етеді. Менің жеке болжамым бойынша Расулдың бұл айқастан қашқақтауына жарақатымен қатар менен сескенуі себеп болды деген ойдамын. Менімен кездесуден қашып жүрген жалғыз Мирзоев емес, АҚШ өкілдері де жетерлік. Америкада тұрып, Грег Джэксон залында көп жаттықтым. WSOF ұйымымен келісімшартқа қол қоймай тұрған сәтте «Legacy» деген ұйымнан маған ұсыныстар көп келді. Алайда ол жақтан да көптеген мықты спортшылар кездесуге келіспеді. WSOF тұжырымында жекпе-жегіме санаулы күн қалғанда қарсыласым Брайс Митчал кездесуден бас тартты. Соңында, WSOF ұйымы бүркешек атпен біреудің жазған хатын сылтауратып мені жарыстың тізімнен мүлде алып тастады. Мен ешқашан допинг қолданған емеспін. Өзімнің бүгінге дейінгі жеткен биігіме таза еңбекпен ғана қол жеткіздім. Аяқтан шалушылар болды. Бұл маған өмірлік үлкен сабақ болды.

- Сені Қазақстанның ең үздік жекпе-жек шебері дегенмен келісесің бе?

-Атақ, даңқ және байлықтың барлығы Алладан. Оған амал етіп жете білу өзіңнің қолыңда. Бір сәтте-ақ шыққан биігіңнен қайта құлауың да ықтимал. Әрбір қиындық ол сынақ, әр мерейлі сәттер сенің еңбегіңнің жемісі. Мені Қазақстандағы үздік жекпе-жек шебері деп айтатын қарапайым халық, спорт мамандары және журналистер. Демек, бұл мойындау мені одан әрі алға жетелейтін қосымша күш-жігер. Себебі, мен осы абыройға лайықты болып, артылған үмітті ақтауым тиіс. Тағы да еңбек, ізденіс, толассыз жаттығу. Өнерімді бағалайтын жұртқа қашан да алғыс айтамын.

- Атағың артып, абыройың өскен сайын досың көбейіп, қолпаштаушылар да көптеп бой көрсете бастайды. Айналаңда мұндай өзгеріс бар ма?

- Әрине бар! Бүгінгі жеткен жетістігім менің ғана еңбегім емес. «Алаш Прайд» промоутерлік компаниясының президенті Данияр Қасқарауов бастаған бірнеше ағаларымыздың арқасында осы биікке жеттік. Бұл үлкен миссиямыздың тек басы ғана. Қазақстандағы аралас жекпе-жек өнерін дамытып, қазақ баласының әлемдік ареналарға көптеп шығуына жол ашу біздің мақсатымыз.

Атағың артып, танымал бола бастаған сайын қолдаушылардың қатары өсуі заңдылық. Солардың ішінде сені көре алмайтын жандар да табылады. Үлкен мансапта жүрген ағаларымыздың талайын көрдік, тілдестік, жақын араластық. Сол беделді адамдардың арасында саған бір жақсылық жасаса, ертең өзге ортада оны мақтан етіп, жар салып айтушылар да табылады екен. Мен осындай пиғылдағы адамдардан бойымды аулақ ұстауға тырысамын. Осындай сәттерде әкемнің ақылына құлақ асамын. Ол кісі үнемі «заманың түлкі болса тазы боп шал» дегенді айтатын. Осы сөздердің астарында үлкен мән жатыр. «Дайын асқа тік қасық» болуды ұнататын, сенің абыройыңның сыртынан өз ұпайын түгендеуді сүйетіндер, біреуге қол ұшын созса оны өзіне мәңгі қарыз санаушылар, сені сәті туса сүріндіргісі келетіндер жеткілікті. Осы ағаларымыз күш-жігері мен мүмкіндігін қазақ балаларының арасындағы таланаттарды іздеуге салатын болса игі іс осы. Спортқа қара домалақ таланаттарды әкеліп, олардың жағдайына қарасып, соларды өсіріп шығарса деген тілегім бар. Неге кавказ ұлттарынан мықты спортшылар шығады?! Олар өз таланаттарын бағалай алады әрі қанат жаюына барынша қамқорлық жасай біледі. Басты ерекшелік осы ғана. Ал жауынгерлік рух пен жеңіске деген құштарлық қазақ баласының қанында бар. Басшыдан бастап қарапайым шаруаға дейін бірлікте болса тірлік өнеді. Миллиондарды жеген парақордың жанында Мейвезер мен МакГрегор әлдеқайда адал. Конор бүгінгі биігіне жету үшін еңбектенді, қиналды, талай сатыдан өтті. МАкГрегор өзін қолдан жасаған тұлға. Шоудың арқасында қыруар ақша тапса да, ол спортшының адал еңбегі. Ешкімді алдаған жоқ. Елге тиесілі байлықты талан-таражға салған ептілерге қарағанда, қан мен тер төгіп, халыққа үлкен шоу сыйлап ақша тапқан спортшының нәпақасы адал болмақ.

- Қарсыласыңыз - бразилиялық спортшы Тьяго Силва. Өзі джиу-джитсудан қара белбеу иегері екен. Мықты және осыл тұстарын зерттедіңіз бе?

Тьяго Луис өзінің промоушеніндегі нағыз чемпион. Жозе Альдо деген мықтылар шықан Новый Юнион деген команданың өкілі. Бірнеше жекпе-жегін көріп, зерттедім. Күресуде мықты және аяқ-қолымен соққы жасау техникасы жақсы дамыған. Оған қарсы өзімнің тактикамды даярлардым. Тайланд елінен кейін Дағыстанға барып екінші оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келдім. 9-қыркүйекте Қазақстанда бұрын соңды болмаған ММА сайысы өтеді. Өз үйімде аса жауапты жекпе-жекке шығу мен үшін қашан да үлкен сын. «Алаш прайд-АСВ» турнирінде сегізбұрышқа тек жеңіс үшін шығамын. АСВ промоушенінде барлық акездесулерімді ұтсам, әрі қарай UFC ауылы да алыс емес. АСВ промоушеніндегі өз дивизионымдағы мықтыларды сұрадым. АСВ промоушені менімен жұдырықтасатын жекпе-жек өкіліне өте жоғары қаржы ұсынды. Дегенмен, армияндық Акоп Степанян және Педдусон секілді спортшылар дайындығымыз аз деп бас тартты. Алматы Аренаны толтыру және жиылған жанкүйерлерге жеңіс сыйлау менің басты арманымның бірі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0 комментариев
162
7 қыркүйек 2017 15:31
Новости