Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Арман Оспановтың қарсыласы Алматыға келе жатыр

Арман Оспанов пен Тьяго Сильва арасындағы кездесу 9 қыркүйек күні Алматыда өтеді.


Алматы қаласында Alash pride пен ACB тұжырымының жекпе-жектен бірлесе өткізетін додасының басты кездесуінде сынға түсетін бразилиялық Тьяго Сильва Алматыға келе жатыр.

Manchinha лақап атымен танылған спортшы өз сөзінде «Біз өзге шайқасқа бара жатырмыз. Біз еліміз, отбасымыз, командамыз үшін аянып қалмаймыз. Керемет шайқас көрсетеміз», – дейді Сильва.

Тьяго Луис Бонифасио Силва (12-5-0) бразилиялық джу-джитсудан қара белбеу иегері, соңғы кездесуін 28 мамыр күні өткізіп, отандасы Филипе Жезушты қылқындыру әдісімен ұтып, Shooto Brasil белбеуін жеңіп алған.

Ал Арман «Сұңқар» Оспанов 8 кездесу өткізіп, 7 уақытынан бұрын аяқтаса, біреуін қылқындыру әдісімен ұтқан. Отандасымыз соңғы кездесуін 2017 жылдың 20 мамырында ACB-61 турнирінде өткізіп, жапон жігіті Тайчи Накаяманы нокаутпен жеңген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, АСВ-69 турнирі «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Арман Оспанов бразилиялық Тьяго Луис Бонифасиомен жұдырықтасады. Одан бөлек бұл кеште Қаршыға Даутбек, Асу Алмабаев, Бақытжан Несіпбек, Евгений Егембердиев, Асылжан Бақытжанұлы секілді отандастарымыз сегізбұрышқа шығады.
  Пікір: 0
  0