Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Алматыда өтетін жекпе-жекте өнер көрсететін Арман Оспановтың қарсыласы анықталды

Отандасымыз бразилиялық спортшымен кездеседі.


Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов Алматыда өтетін Ресейдің танымал Absolute Championsip Berkut турнирінде кіммен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды. 

9 қыркүйек күні «Алматы Аренада» өтетін жекпе-жек кешінде отандасымыз бразилиялық Тьяго Луис Бонифасиомен кездесетін болды. Рио-де-Жанейро қаласында дүниеге келген бразилиялық спортшы Shooto Brasil ұйымының чемпионы.

Бонифасио соңғы жекпе-жегін 28 мамырда өткізді. Сол кезде Филиппе Жезушты қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері.

Арман Оспанов болса ережесіз жекпе-жекте сегіз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуін отандасымыз 2017 жылдың 20 мамырында ACB турнирінде өткізіп, жапон жігіті Тайчи Накаяманы нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, бұл кездесуі үшін Оспанов 100 мың доллар көлемінде сыйақы алса, оның қарсыласы 30-50 мың доллар көлемінде алады.

АСВ-69 турнирінде жалпы 12 жұп өнер көрсетеді. Сегізбұрышқа шығатын спортшылардың ішінде 7 қазақстандық жекпе-жек спортының шеберлері бар. Олар: Асылжан Бақытжанұлы, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Евгений Егембердиев, Бақытжан Несіпбек.
  Пікір: 0
  0