auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Арман Оспанов Алматыда өтетін жекпе-жек кешінде армениялық спортшымен кездесуі мүмкін

Арман Оспанов Алматыда өтетін жекпе-жек кешінде армениялық спортшымен кездесуі мүмкін
Ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Арман Оспанов Алматы қаласында өтетін АСВ-69 турнирінде армениялық спортшымен кездесуі мүмкін. 

"Алматыда жекпе-жек кеші өтетіні белгілі болғаннан кейін ұйымдастырушылар алдымен бразилиляқ Тиаго Тавареске қарсы шығасың деген еді. Бірақ кейіннен ол жекпе-жектен бас тартты. Сосын АСВ промоушенінің жетекшілері армениялық Акоп Степонянға қарсы жекпе-жек өткізесің деді. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Бұйырса, осы аптада немесе келер аптада қарсыласымның кім болатыны нақты белгілі болады", - дейді Оспанов. 

Айта кетейік, өткен аптаның соңында отандасымыз АСВ-69 турниріне дайындалу үшін Дағыстанға кетті. Арман жергілікті DAGFIGHTERS командасымен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

АСВ-69 турнирін Alash Pride клубы мен АСВ промоушені ұйымдастырып жатыр. Дүбірлі дода 9 қыркүйек күні Алматы қаласының «Алматы арена» спорт кешенінде өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде Арман Оспанов шығады. АСВ-69 турнирінде жалпы 12 жұп өнер көрсетеді. Октагонға шығатын спортшылардың ішінде 7 қазақстандық жекпе-жек өкілі бар. Олар: Қаршыға Даутбек, Асу Алмабаев, Бақытжан Несіпбек, Евгений Егембердиев, Асылжан Бақытжанұлы жəне өзбекстандық легионер Мурод Хантураев.

АСВ промоушені — әлемдегі деңгейі жағынан UFC-ден кейінгі екінші орынды Bellator ұйымымен өзара бөлісіп тұр. АСВ-69 турнирі аталған промоушеннің Қазақстанда өткізгелі жатқан алғашқы жарысы.

Айта кетейік, 9 қыркүйек күні кәсіпқой боксшымыз Қанат Ислам да өзінің жекпе-жегін өткізеді. Бұл бокс кеші Астана қаласында «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама