Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Мейвезер мен МакГрегор сезіз унциялық қолғаппен жұдырықтасады

Мейвезер мен МакГрегор сезіз унциялық қолғаппен жұдырықтасады


Бес салмақ бойынша бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезер жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегормен сегіз унциялық қолғаппен жұдырықтасуға келісім берді. Бұл туралы BoxingScene.com порталы хабарлайды. 

Бұған дейін МакГрегор Мейвезер жекпе-жекті әдейі бірінші орта салмақта өткізуді талап етті деп айыптап келді. Өйткені, жеңілдеу қолғаппен жұдырықтасу үшін. Ал он унциялық қолғаптарды екінші орта салмақтағы боксшылар ғана кие алады. Дегенмен де жеңіл қолғапты жеңіл салмақтағы боксшылар да қолдана алады. Ол үшін екі боксшы мен Неваданың атлетикалық комиссиясысы келісім беруі керек. 

Бүгін Мейвезердің МакГрегорға сегіз унциялық қолғаппан жұдырықтасуына келісім беріпті. Сондай-ақ америкалық боксшы қарсыласына кез-келген брэндтің қолғабын киюге келісім берген. 

"Алып-қашпа әңгімелерге сенбеңіздер. Әлеуметтік желіде жазылып жатқан әңгімелерге де. Мен МакГрегорге сегіз унциялық қолғаппен жұдырықтасуды ұсындым. Ол кез-келген брэнтегі қолғапты кие алады. Мен Grant фирмасы жасап шығаратын сегіз унциялық қолғаппен жұдырықтасамын. Шаршы алаңда Конор өзін еркін сезінуі үшін мен оған біраз жеңілдік жасаймын", - дейді Мейвезер. 

Еске салайық, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 100 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.


  Пікір: 0
  0