auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Тұрсын Аян – аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының жүлдегері

Тұрсын Аян – аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының жүлдегері
Жуырда Сингапурде (ММА) әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатында Қыздар университетінің студенті Тұрсын Аян күміс медальдің иегері атанып, ел абыройы мен университет мерейін асқақтатты. Атап өте кетейік,  Аян Тұрсын – тұңғыш рет ұлттық құрама сапында халықаралық жарысқа қатысты және ережесіз жекпе-жектен алғаш рет үлкен спорт алаңында өнер көрсетті. 


UFC апталығы аясында өткен Азия чемпионатында финалға дейін жеткен қазақ қызы жартылай финалда малайзиялық спортшы Амира Макхтарды жеңді. Жақсы ойын көрсетіп, ширақ қимылдап, мықтылығын көрсеткен Тұрсын Аян үшінші раундта қарсыласына жойқын соққы көрсетті. Оның соққысынан кейін малайзиялық спортшы жекпе-жекті жалғастыра алмады. Өкінішке орай, алтынды қолдан беріп алған Т.Аян бізге бірге сұхбатында барлық мән-жайды айтып,  жарыстың өту барысымен және жеңісімен бөлісті. 

"Бұл менің бұл спорт түрімен қатысқан ең бірінші үлкен жарысым болды. Ел намысын әйелдер арасында тұңғыш рет қорғайтын болғандықтан қобалжу мен үлкен жауапкершілік тұрды. Екіншіден, ол Азия чемпионатына кіл мықтылар жиналды. Жекпе-жектер тартысты өтті. Ақтық сында америкалық спортшымен шықтым. Ол спортшы қыз малайзиялық спортшыға қарағанды мықты болды. Оның рекорды да, тәжірибесі де менікінен көбірек болды. Бойы да ұзын. Бірақ, біз арнайы тактика құрдық. Жаттықтырушыларым маған жылдамдыққа көбірек көңіл бөл деді. Соның бәрін ескеріп 1 раундта ұтқан болатынмын. 2-ші раунд басталар алдында мен демалып отыратын бұрышқа су көп төгілген болатын. Сол бұрыш өкінішке орай дұрыс сүртілмегендіктен, 2-ші раундта сол бұрышқа келгенде тайып құлап түстім. Рефери ойынды тоқтатып, сол жерді сүрткізетін шығар деп едім, рефери оған мән бермеді. Сол сәтті қарсыласым пайдаланып, менің арқамнан келіп, қылқындыру әдісін жасамақшы болды. Мен барымды салып тұрып кетпекші болғанда, аяғым тайғанап, қайтадан құлап түстім. Тағы бір рет тұрып көріп едім, тағы тайғанап құладым. Сосын ол 2-3 соққы жасап еді, рефери ойынды тоқтатып, жеңісті америкалық спортшы қызға берді. Әрине көңілім қатты түсті, барымды салған едім. Қазақстанның көк байрағын желбіретіп, әнұранын ойнатсам деп едім. Бұйырмады... Дегенмен, үлкен спорттық дода, Азия чемпионатында күміс жүлде алу мен үшін үлкен қуаныш, үлкен жетістік. Әйелдер арасында ең бірінші рет алып отырғанымның өзі қандай үлкен мәртебе. Бұл жетістігімнің алғашқы бастамасы, алар асуымның алды... Енді биылғы жылдың қараша айында Әлем чемпонаты өтеді. Қазір сол жарысқа дайындаламыз. Сол жерде өзімді көрсетемін деген ойдамын. Бұл орайда, маған сенім артып, жаттықтырып, талмай еңбек етіп жүрген бапкерім Мамыралиев Нұрлан Кенженұлына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Барлық жеңісімнің еңбегі осы кісінікі. Сонымен қатар, халықаралық жарысқа қатысуға мүмкіндік берген Алматы ММА Федерациясының президентіне, ММА Қауымдастығына, ММА құрамасының бас бапкері Жангалов Баян Маратұлына алғыс айтқым келеді", - деді спортшы қыз Сингапурдан оралып, оқу орнымен қауышқан сәтінде. 

Жалпы айтулы додаға 15 елден 66 спортшы қатысса, елімізден 9 спортшы қатысып, оның 8-і жүлделі орыннан көрінді. Нақты айтқанда, Қазақстан құрамасы 3 алтын 2 күміс 3 қола медаль жеңіп алды.

Қыздар университетінің 2 курс студенті Тұрсын Аян «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алуда. Ол 1994 жылы 23 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Спортпен 10 жылдан бері айналысып келеді. Қыздар университетінің мақтанышына айналған оның қоржыныныда 25 алтын, 15 күміс, 15 қола медаль бар. Тұрсын Аян ушу-сандадан екі дүркін ел чемпионы,  татамиден бес дүркін Қазақстан чемпионы. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын спортшы қыз таэквондодан, ушудан және жекпе-жектен спорт шебері.
Қыздар университеті ұжымы, ұстаздары мен студенттері жас спортшыны жеңісімен құттықтап, қуанышына ортақтасып, алар асуың аласармасын, тек биіктен көрін деген тілегін білдіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама