Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Ресейлік ММА спортшысы Федор Емельяненко америкалық Мэтт Митрионнан бірінші раунда жеңіліп қалды, - деп хабарайды Vesti.kz.
Bellator 180 турнирі барысында екі спортшы арасындағы кездесу Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында өтті. Жекпе-жек басталысымен қос спортшы да бір-бірінің жағынан дөп соққы жасаған, екеуі де құлап қалды. Алайда Митрион орнынан тұрып үлгеріп, Емельяненконы соққының астына алды. Рефери кездесуді тоқтатты.
40 жастағы Емельяненко спорттық мансабында бесінші рет жеңіліс тапты. Сонымен қатар ол 36 кездесуде жеңіске жетіп, оның 11-де мерзімінен бұрын аяқтаған. 38 жастағы Митрионның бұл 12-ші жеңісі (11-рет мерзімінен бұрын аяқтаған), олда бес рет жеңіліс тапқан.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек 18 ақпан өтуі тиіс болатын, алайда Митрионның бүйрегінде тас пайда болып, кездесу ресми түрде кейінге қалдырылған болатын.
Назарларыңызға Bellator турниріне бірінші рет қатысып отырған ресейлік Федор Емельяненконың бірінші раундта нокаутқа түсіп қалған видеосын тамашалуды ұсынамыз.
Жарнама