auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Орынборлық қазақ қарсыласын нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды

Орынборлық қазақ қарсыласын нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды
© orenmma.ru
Аралас жекпе-жектен ресейлік файтер, орынборлық қазақ Дамир Ысмағұлов 70,2 келі салмақта M-1 Global чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол M-1 Challenge 78 турнирінің титулға талас жекпе-жегінде отандасы Максим Дивничті техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек бес минуттан бес раунд форматында өтті. Рефери жекпе-жектің аяқталуына 15 секунд қалғанда тоқтатты. Бұл кезде Ысмағұловтың қарсыласы соққыға белсенді қорғаныс таныта алмаған еді. 26 жастағы Ысмағұлов мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның екі жеңілісі бар.










© vk.com/kaz_fighters

Дамир Ысмағұлов Орынборда туып-өскен және жергілікті "Боец" клубының өкілі. Ол Аралас жекпе-жектен Дүниежүзілік ассоциациясының Азиялық дивизионында өтіп жүрген "Номадтар шайқасы" кәсіпқой турнирінде талай мәрте топ жарған. Аралас жекпе-жектен кейбір турнирлерде ол Қазақстанның атынан да шыққан.

Ал M-1 Global турнирінде Ысмағұлов Ресей азаматы ретінде тіркелген. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін берген сұхбатында Дамир көрермендерге, бапкерлерге, туыстарына және қазақстандық жанкүйерлеріне алғыс білдірді. 

"Бүгінгі жеңісіммен 60 ауласы бар, интернетсіз ауылдан шыққан баланың әлем чемпионы бола алатынын дәлелдедім. Менің қолымнан келсе, сіздердің де қолдан келеді. Бұл өскелең ұрпаққа үлгі болсын. Бұл біздің жеңісіміз. Қазақстандағы ағайынға алғыс. Бұл керемет қолдау. Олар мені қолдауға келді. Саламалейкум, Қазақстан. Зор алғыс білдіремін", - деді спортшы.





© vk.com/kaz_fighters

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама