Астанада Fight Nights Global турнирінің бас төрешісі соққыға жығылды. Төреші Радмир Ғабдуллиннің Қазақстанда тап болған оқиғасы жайлы L!FE жазды.
Басылымның мәліметінше, Қазақстан астанасында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global турнирі өткеннен кейін жарыстың бас төрешісі Радмир Габдуллинге шабуыл жасалған. Қазіргі уақытта Ресейдегі ММА одағының президенті Федор Емельяненконың орынбасары ауруханада жатыр. Оның жағы сынған.

© twitter.com
Басылым оқиғаның видеосын жариялады. Онда судья жатқан қонақүйдің бөлмесіне екі ер адамның кіргені көрінеді. Олар ағайынды Гаджимурат және Гамзат Хирамагомедовтерге ұқсайды. Басылымның мәліметінше, олар қазақ файтері Георгий Кичигинмен жекпе-жектегі Габдуллиннің төрешілік шешіміне наразы болған.
Fight Nights президенті Камил Гаджиев Астанада болған оқиғаға қатысты былай деп пікір білдірген: "Оқиғаның мән-жайын анықтау қажет. Мұндай әрекетке барған спортшылармен "жолымыз бір емес екенін" мәлімдеймін".

Жарнама