auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Өткен кездесулерде жіберген қателіктерімді қайталамауға тырыстым - Ержан Естанов

Өткен кездесулерде жіберген қателіктерімді қайталамауға тырыстым - Ержан Естанов
Фото: Ольга Апельганец
Балуан Шолақ спорт кешенінде "Alash Pride" клубының ұйымдастыруымен "Алаш Айбары" атты халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

66 келіге дейінгі салмақта "Alash Pride" командасының "арланы" Ержан Естанов (14-6-1) қырғыздың "WEF" командасының өкілі Қалыбек Жанибекұлы (лақап аты "Көкжал", 3-0-0) төрешілердің шешімі бойынша жеңді.

- Жекпе-жекке қырғыз "қасқыры" мен қазақтың "қасқыры" шықты. Сіздердің қолдауларыңызбен, құдайдың қалауымен қазақтың "қасқыры" бұл кездесуде басым түсті. 

- Жекпе-жек көңіліңнен шықты ма?

- Сәл ойлағанымдай болмады. Бастысы жеңіске жеттім.

- Кездесу барысында бар күшіңді салмағаның көрініп тұрды...

- Иә. Мен жекпе-жек 3 раундқа созылады деп ойладым. Үшінші раундта бар өнерімді көрсетемін деп ойлағанмын, алайда кездесу 2 кезеңге ғана созылды.

- Көбінесе қарсыласыңды қылқындыруға тырыстың...

- Жоқ, жоқ. Өткен кездесулерімде қарсыластарыма қылқындыру әдісін қолданамын деп жеңіліп қалған болатынмын. Сол себепті қателігімді қайталамауға тырыстым. Жекпе-жекке қойылған мақсат, қарсыласымды қылқындырудан гөрі, соққының астына көбірек алу болды. 

- Қарсыласыңыз мықты тұстарын атап өтсеңіз.

- Қырғыз спортшысы физикалық тұрғыдан мықты. Соққысы да ауыр.

- Қарсыласыңыз соңғы сәтте ауысты. Жаңа қарсыласыңызды зерттеуге уақыт аз болған жоқ па?

- Иә, зерттеу қиынға түсті. Алайда түптің түбінде қос спортшымен де жекпе-жек өткізер едім. Сол себепті кездесуге шыққанда қобалжу болған жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама