Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Chess.com порталының құрылтайшылары Эрик Аллебест пен Джером Северсон Камасутра қалпында шахмат ойнады. Осылайша олар осы спорттан әлем біріншілігінің жаңа логотипіне назар аудартты. Видео YouTube желісіндегі Сhess.com каналында жарияланды.
Аллебест пен Северсон жаңа логотип туралы өз ойларымен бөлісті, кейінірек суреттегі қалыпта шахмат ойнап көруге тырысты. Шахмат порталының құрылтайшылары осы логотиптің бүкіл әлемге таралатынына сенімді. Онда екі адамның қолы мен аяқтары бір-біріне айқасып, шахмат ойнап отырғаны безендірілген.
20 желтоқсанда осы логотипті бүкіләлемдік гроссмейстерлер сынға алған еді. Оның ішінде ұлыбританиялық Найджел Шорт былай деп жазды: "Бүкіләлемдік шахмат федерациясы (FIDE) шахмат әлеміне жыныстық қатынас сабағын беруде ұйғарғаны ма?".
Логотипті мәскеулік "Щука" дизайн-бюросы ойлап тапқан. Әлем біріншілігі 2018 жылы қарашада Лондонда өтеді.
Жарнама