auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейcтердің ерлерге арналған нормасын орындады

Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейcтердің ерлерге арналған нормасын орындады
Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейтердің ерлерге арналған нормасын орындады,  деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. Бұл Қазақстанның шахмат тарихында алғаш рет болып отыр.

Жансая АҚШ-тың Филадельфия штатында өтіп жатқан ірі халықаралық World Open 2017 турниріне қатысты. Қатысушылар саны 216 спортшы болды, олардың ішінде 33 ер гроссмейстер және 26 ерлер арасында халықаралық спорт шеберлері.



"Жансая тоғыз ұпайдың алтауын жинады: ол алты партияны жеңіп, екеуінде тең түсті және біреуінде ұтылып қалды. Рейтингі 2595 ытайлық гроссмейстерден ұтылды. Соңғы партияда рейтінгі 2658 болып тұрған жарыс көшбасшысымен ойнады. Жеңген жағдайда турнир жеңімпазы да болатын еді. Бірақ тең ойын болды", - дейді Жансаяның әенсі Данияр Әшіров.

"Бұл қуанышты жағдай. Қазақстанның шахмат тарихында 17 жастағы қыз ер адамның халықаралық нормасын орындады! Бұл керекмет жетістік! Бұл жарыстың соңғы партиясын бірінші тақтада ойнау "Ролан Гаррос" финалында ойнаумен тең", - дейді ол.



Финалдық турда Жансая 17 жастағы талантты америкалық ойыншы Джеффри Ксенгпен сынасты.

"БАҚ бұған бірден назар аудары, өйткені мұндай мықты турнир финалында ең жас ойыншылар кездесті. Тағы бір қызықтысы жарыс фавориттері турнир кестесінде төменге түсіп қалды", - деп жарыс туралы айтып берді Әшіров.



"Жансая бір сағаттай бұрын Skype желісі арқылы хабарласты. Қуанышымен бөлісті. "Әке қалай ойнадым? Мен тәуекелге барғна жоқпын, нақты қадамдар жасап, ыңғайы келгенде шабуылдап отырдым. Ерлер нормасын орындағым келді. Ұсақ шабуылдар да жасамадым" дейді. Бізде өте қуанып отырмыз", - дейді Данияр Әшіров.







Сонымен бірге, Жансая халықаралық рейтингте 30 пункте жоғарлады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама