"Зейнетте боксты сағынамын...". "Канело" карьерасын аяқтауға қатысты

©Yahoo! Sports

31 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) карьерасын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tmz.com.

"Бокста әлі ұзақ жүремін деп үміттенемін, өйткені, зейнетке шыққанда боксты сағынамын. Енді алты, жеті, мүмкін бес жыл, білмеймін. 

Мен боксты сүйемін, сынақтарды. Осы бір адреналин ұнайды. Бокс тарихына атымды жазу үшін барлық белесті бағындыруым керек", - дейді "Канело". 

Сарапшы "Канелоға" үлкен қауіп төнгенін мәлімдеді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport