WBO титулы үшін жекпе-жек алдында Ковалев жеңілмеген британиялықтан ауыр шықты

© vRINGe.com
Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалев қарсыласы Энтони Ярдтан 0,3 келіге ауыр шықты, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Боксшылар жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Ресми шарада Ковалевтің салмағы 79,2 келі болды, ал британиялық - 78,9 келі тартты.

Жекпе-жек Челябідегі "Трактор" аренасында өтеді. 36 жастағы ресейлік 33 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген және бір рет тең түскен. Ал 28 жастағы Ярд 18 жекпе-жекті барлығында жеңген (17 нокаут).