WBO Головкинге қатысты шешім шығарды

©Allboxing

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақта рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта чемпион Жәнібек Әлімханұлы, рейтингте көшбасшы британиялық Крис Юбенк тұр. Тізімде екінші Мейірім Нұрсұлтанов. Ал Геннадий Головкин екі саты төмендеп, алтыншы орынға тұрақтапты. 

Айта кетейік, Головкин соңғы рет былтыр қыркүйекте жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша Сауль Канело Альварестен жеңілген еді. 

WBO тұжырымынша орта салмақтағы топ-15 тізім:

1. Крис Юбенк (Британия);
2. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан);
3. Дензел Бентли (Британия);
4. Хамза Шираз (Британия);
5. Шейн Мосли (АҚШ);
6. Геннадий Головкин (Қазақстан);
7. Феликс Кэш (Британия);
8. Андрей Михайлович (Жаңа Зеландия);
9. Анауэль Нгамиссенге (Конго);
10. Лиам Смит (Британия);
11. Айзек Хардман  (Аустралия);
12. Элайджа Гарсия (АҚШ);
13. Этунди Мишель Уильям (Бразилия);
14. Федор Черкашин (Польша);
15. Айниваер Йиликсиати (Қытай).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар