WBO чемпионы басты артықшылығынан айырылған "Канелоны" оңай жеңетініне сенімді

Сурет: Fightnews.info
Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0-0, 14 KO) көрерменсіз бос аренада жұдырықтасса Сауль "Канело" Альварестен (53-1-2, 36 KO) басым болатынына сенімді. 

Сондерстің сөзінше, жанкүйерлердің қолдауы төрешілерге қатты әсер ететін фактор. Ал көрерменсіз жекпе-жекте мұндай болмайды. 

"Бос аренада жұдырықтассақ, "Канело" менің аумағыма кіреді, өйткені ол бос аренада жұдырықтасып үйренбеген. Былайша айтқанда, ол көп халық алдында жұдырықтасып үйренген, ол кезде соққысы тимей қалса да, көпшілік бәрібір оған қолдау білдіріп тұрады, ал бұл төрешілер мен жалпы жағдайға әсер етеді. ал бос аренада мұндай болмайды", - деп келтіреді боксшының сөзін Boxingscene.com.
Жаңалықтар