WBO Әлімханұлының әлем чемпионымен жекпе-жегіне қатысты шешім қабылдады

21 желтоқсан 2021 11:06
©boxingscene.com

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) әлем чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) және Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) арасындағы жекпе-жектің промоутерлік саудасы өтетінін жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBO боксшылардың өкілдеріне хабарлама жолдаған, ол бойынша тараптар кемі 200 мың доллар ұсыныспен бокс кешін ұйымдастыру құқы үшін таласа алады. Ресми құжатта сауда шарттары көрсетілген. 

Бұл айқас гонорары шамамен екі түрлі бөлінеді - 75 пен 25 немесе 80 мен 20. Оның үлкен бөлігі чемпионға тиесілі, ал азы үміткерге. Ал сауданың шамалай уақыты - 2022 жылдың 15 қаңтары.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport