WBC титулы бар жеңілмеген қазақ боксшы Бекзаттың промоутерлерімен келісімшартқа отырды

©instagram.com/meiirim01

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8 КО) промоутерін ауыстырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы боксшы қазақстандық ADAL Promotions компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшатқа қол қойды.

Бұған дейін оның ісін Main Events компаниясы жүргізген.

Мейірім кейінгі рет Екатеринбургте (Ресей) жұдырықтасып, жергілікті Илья Баландинді төрешілер шешімімен жеңген.

Еске салайық, бұған дейін әуесқойда әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов те кәсіпқойға ауысып, ADAL Promotions компаниясымен келісімшарт жасады.

 
 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии