WBC қазақстандық Али Ахмедовке міндетті қарсылас белгіледі

©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық боксшы Али Ахмедовтің (19-1, 14 КО) келесі қарсыласы франциялық Кристан М’Билли (22-0, 20 КО) болады деп бекітті. Бұл туралы туралы The Ring хабарлады. 

Мұндай шешім 9 қараша күні WBC ұйымының Акапулько қаласында өткен 60 конвенциясында қабылданды. 

27 жастағы М’Билли соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізіп, америкалық Деандре Уэрден (15-4-2, 9 КО) айласын асырды. Осы кездесуде франциялық WBA International және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді. 

Ахмедов те соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізді. Ол төрешілер шешімі бойынша Габриэль Росадодан үстем түсіп, IBF North America және WBC Silver белбеулерін жеңіп алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport