WBC "Канелоға" ерекше мәртебе тарту етті де, чемпион белбеуін Головкинннің міндетті қарсыласына берді

Альварес пен Сулейман. © yodeportes.com
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) жаңа ұғым енгізіп - franchise champion - бұл атақты мексикалық Сауль "Канело" Альвареске берді. Осыған байланысты америкалық Джермалл Чарло ұйымның толықанды чемпионы атанды, - делінген ұйымның ресми сайтында.

Franchise champion атағын әр салмақтағы белбеу иегері ала алады, егер оған WBC басқарма кеңесі дауыс берсе.

Мұндай мәртебе алған боксшы карьерасын аяқтаған соң WBC ұйымының демалыстағы чемпионы атанады. Кез келген жекпе-жекке ол WBC чемпионы болып шығады. Franchise champion WBC бірге кемінде екі әлеуметтік маңызы бар шараға қатысуы міндет. 

Чарло соңғы рет былтыр желтоқсанда Бруклиндегі Barclays Centet аренасында Мэтт Коробовпен жұдырықтасты. Ресейлікті жеңген соң ол WBC ұйымынң орта салмақтағы уақытша чемпионы атағын иеленді. 

Рингке Чарло 29 маусымда оралады, Хьюстонда өтетін жекпе-жекте ол отандасы Брэндон Адамсқа (21-2-0, 13 KO) қарсы WBC тиутлын қорғайды.

Айта кетейік, Чарло қазақстандық Геннадий Головкиннің WBC желісі бойынша міндетті қарсыласы. Бұл жекпе-жек жеңімпазы "Канеломен" жұдырықтасу мүмкіндігін алады. Амеркиалықтың өзі GGG мексикалықпен үшінші жекпе-жек өтетін болса, күте тұруға дайын екенін айтқан.
Жаңалықтар