WBА жаңартылған рейтингінде қазақстандық боксшылардың орны өзгерді

©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBА) жаңа рейтингі жарияланды. Жаңа тізімдегі өзгерістер қазақстандық боксшыларға да қатысты, деп хабарлайды vRINGe.com.

Осылайша, ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий оннан тоғызыншы орынға көтерілді. 

Бек Нұрмағанбет екінші орта дивизионда 11-ден бір саты жоғарлады.

Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақта 14-орында еді, қазір топ-15 тізімнен шығып қалды.

Сұлтан Зауырбек екінші жартылай жеңіл дивизионда сегізінші болып жайғасты, ол бір саты төмен тұрған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport