Үшінші раундта есеңгіретті. Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс чемпионын нокаутпен жеңді

©twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz

Жәнібектің қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-6, 21 KO) болды. Он раундқа есептелген айқас сегізіншісінде аяқталды. Алдымен Жәнібек үшінші раундта франциялықты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, қазақ боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Бұл кездесуде орта салмақта екінші дәрежелі WBO Global титулы сарапқа салынды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport