Үш баласы қасында болған. Боксшыны көлікте отырғанда атып кетті

27 желтоқсан 2021 10:39
©Total Pro Sports

Суперауыр салмақта жұдырықтасқан 30 жастағы америкалық боксшы Дэнни Келли (10-3-1, 9 КО) өз көлігінде отбасымен отырған кезде шабуылға ұшырады. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Ал әйелі мен үш баласы дін аман, деп хабарлайды vRINGe.com.

Оқиға 25 желтоқсан АҚШ-тың Темпл-Хиллз қалашығындағы қозғалысы үлкен Сент-Барнабас-роуд тас жолында болған. Полиция мәліметінше, боксшының көлігінің қасына өзге машина тоқтап, оның жүргізушісі оқ атқан. 

Енді кісі өліміне кінәлі қылмыскер туралы ақпарат үшін 25 000 доллар сыйақы берілмек.

Қазір тергеушілер бұл оқиға жолға талас салдарынан немесе өзге себептен болғанын анықтауда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар