Уайлдер мен Фьюри қарымта жекпе-жектен қанша пайда табатыны айтылды

 © RingSide24
Супер ауыр салмақта WBC чемпионы Деонтей Уайлдер (43-0-1, 41 КО) мен британиялық Тайсон Фьюридің (29-0-1, 20 КО) Лас-Вегастағы титулды жекпе-жегі үшін гонорарлары кемі бес миллион доллардан болады, - деп хабарлайды "Р-Спорт" порталы ESPN журналына сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, әр боксшы кепілді түрде тағы 25 миллион доллардан алады, сонымен қоса, оларға ақылы трансляция сатылымынан да үлес бөлінеді. 

Уайлдер - Фьюри жекпе-жегі 22 ақпан Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтеді. 2018 жылы Лос-Анджелесте өткен бірінші жекпе-жекте боксшылар тең түскен болатын.

Супер ауыр салмақта 43 нокауты бар чемпионды қарсыласынан күзет ажыратып алды