"Уақыты келді". Тұрсынғали Еділов жеңілмеген қазақ боксшысы мен "Канело" арасындағы айқас жайлы

©сурет: sportx

Кейінгі күндері кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 15 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) жұдырықтасуы мүмкін деген ақпарат тарады. Ол үшін отандасымыз алдымен 12 қыркүйекте гайаналық Аллен Ленноксты (22-1-1, 14 КО) жеңуі тиіс. Ал Альварес келесі жекпе-жегінде америкалық Калеб Плантпен айқасады. Содан кейін WBА ұйымы Альвареске титулын қорғауы үшін жекпе-жек өткізуге міндеттеуі мүмкін. Саульдің болашақ қарсыластарының арасында Давид Моррел, Федор Чудинов және Айдос Ербосыныұлы бар.

Осыған орай Ербосынұлымен жұмыс істеген жаттықтырушы, ұлттық құраманың экс-бас бапкері Тұрсынғали Еділов осы мәселе жайында Vesti.kz тілшісіне пікір білдірді.

"Айдос Ербосынұлын жақсы танимын. Кезінде Алматы облысында басшылық қызметте болғанда облыстың намысын қорғайтын. Егер Айдос Альвареспен шығып жатса, бірінші кезекте біздің ел үшін үлкен абырой болар еді. "Канело" қандай боксшы екенін бүкіл әлем біледі ғой. Дегенмен, Айдос та оңай шағылар жаңғақ емес. Айдостың кәсіпқой бокста әлемдік жұлдыздармен, солардың арасында "Канело" Альвареспен жұдырықтасатын уақыты келді. Мексикалықты ұтады немесе ұтылады деп айта алмаймын. Бірақ Ербосынұлы мықты қарсылас бола алады", - дейді маман.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: