"Уақыты келді". Канададлық маман қазақстандық нокаутшының чемпиондық жекпе-жегі жайлы

© facebook.com/eottmboxing/
Канадалық бокс сарапшысы Лорент Поулин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (18-0, 14 КО) кейінгі жекпе-жегіндегі нокаутпен жеңісіне қатысты пікір білдірді. 

26 қаңтар Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Жүкембаев мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді. Бастапқыда қарсылас аргентиналық Максимилиано Рикардо Верон (12-3-1, 4 КО) болу керек еді. Алайда ол Канадаға виза ала алмады. 

Қазақстандық нокаутшы екі белбеуі бар әлем чемпионымен жекпе-жекке шығады

"Тамаша айқас. Жүкембаев керемет жұмыс істеді. Бәрін жоғары деңгейде жасады. Қарсыластың дәл жекпе-жек алдында ауысқаны оның кінәсі емес. Eye of the Tiger Management оған үлкен үміт артып отыр. Батыр жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Биыл шынымен АҚШ-та алғашқы жекпе-жегі өтетін сияқты. Сондай-ақ, титулды жекпе-жекке де шығу мүмкіндігі бар. Бұл жгіт 28 жаста. Оның уақыты келді", - дейді маман.