Тұрсынбайдың есеңгіретер соққысы. Қазақ боксшының WBC титулы үшін жекпе-жегінің толық видеосы

Сурет: twitter.com/MTKGlobal

Йоркширде (Англия) MTK Global және TOP Rank компаниясы ұйымдастырған бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 КО) жергілікті Маклей Макгоуэнді (14-0-1, 3 КО) жеңіп, бірінші орта салмақта WBC International титулын иеленді. 

Он раундтық жекпе-жек қорытындысы бойынша Тұрсынбай төрешілердің бірауыздан шешімімен (99-89, 99-89, 99-89) жеңіске жетті. Ал жетінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген еді. 

Осылайша, қазақ боксшы карьерасындағы бірінші белбеуін жеңіп алды. Бұл оның кәсіпқойдағы екінші жекпе-жегі. Ал Макгоуэн үшін бұл карьерасындағы алғашқы жеңіліс.

Тұрсынбай Құлахмет бокстан Қазақстан құрамасы сапында 2019 жылы Азия чемпионы атанып, әлем чемпионатында қола жүлде иеленген.