Төрт қазақстандық Сербиядағы турнир финалына шықты. Көшбасшылардың бірі күтпеген жерден жеңілді

Сурет: @Александр Канивец

Сербиядағы Belgrade Winner халықаралық турнирінде жартылай финал жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі.

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасындағы көшбасшылардың бірі әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов күтпеген жерден жеңілді. 69 келі салмақта ол қола жүлдегер атанды, 1/2 финалда ол ресейлік боксшыға есе жіберді. 

75 келіде Нұрқанат Райыс пен ауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай да қола жүлде иеленді.

Төрт қазақстандық боксшы финалға шықты. 91 келіде Василий Левит, 52 келіде Сәкен Бибосынов, 63 келіде Зейнулинов Ертуған және 81 келіде Нұрбек Оралбай турнир алтыны үшін шешуші айқасқа шығады.