Төрешілер "қиянат" жасаған қазақ боксшы ӘЧ-де көз жасын ұстай алмады

©

Қазақстандық Мадина Нұршаева қарсыласының жекпе-жегін бақылап тұрып көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келі салмақта өнер көрсететін Мадина Нью-Делидегі турнирдің 1/4 финалында бразилиялық Барбара Дос Сантосқа есе жіберді. Бір қызығы бұл жекпе-жекте Нұршаева екі раунд бойы басым болды, алайа үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер күтпеген жерден бөлек шешіммен жеңісті бразилиялыққа берген еді. 

Мадина жартылай финалда Дос Сантостың аустралиялық Фрэнсис Скоттпен айқасын көруге келіп, көз жасын тоқтата алмады. Ал бразилиялық боксшы жартылай финалда жеңіліп қалғанын айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport