Төрешілер аяқтан шалған қазақ боксшы жеңіліс үшін кешірім сұрады

©Спортты дамтыу дирекциясы

Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Әлем чемпионатындағы екінші кездесуінде жеңілді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 60 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатына алғашқы рет қатысып, 1/16 финалда Азия чемпионы - иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехқа есе жіберді. Осылайша, Талғат әлем чемпионатын аяқтады. 

Ол жекпе-жектен кейін өзінің жеңілісі туралы айтып, қазақстандықтардан кешірім сұрады.

"Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Бүгін, өкінішке қарай, мен жеңіліс таптым. Енді төрешілердің шешімі туралы ештеңе айта алмаймын. Себебі жекпе-жек өтіп қойды. Өзімнің ұтылғанымды мойындаймын және төбелес болған соң ештеңе айта алмаймын. Тек осы қазақ елінен, теледидар алдында көріп отырған ата-анамнан кешірім сұраймын. Үмітті ақтай алмадым. Енді келесіде бұдан да мықты және күшті, ашулы болып оралатыныма сенімдімін және әлі алатын белестерім алда. Бәріне рақмет!", - деді боксшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар