Төреші әділетсіз болды деген Шарипованың айыптауына сарапшы жауап берді

13 желтоқсан 2021 14:09
©boxingscene.com

Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz қазақстандық Фируза Шарипованың (14-2, 8 КО) абсолют чемпион ирландиялық Кэти Тэйлормен (20-0, 6 KO) жекпе-жегіне қатысты ойын айтты. Сарапшы төрешіге қатысты айтқан сынға да тоқталды. 

Ливерпульде өткен айқас он раундқа дейін барып, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Тэйлорға берді.

Айта кетейік, жекпе-жектен кейін Фируза Шарипова рингтегі төреші ағылшын болғандықтан Тэйлорға анық болысты деп мәлімдеген болатын. 

"Шынын айтқанда, Тэйлор мен Шарипованың айқасына көңілім толмады. Чемпион күшін сарқып отырды, ал үміткердің осы үшін оны жазалауға күші жетпеді. Кім жеңетіні белгілі болды, бірақ, нокаутқа түсіре алмады. Шарипованың басты жетістігі - толық он раунд шыдады. Алайда оның британиялық болғасын төрешінің Тэйлоға бүйрегі бұрды дегені - бос сөз, шу көтерудің амалы. Кэти деңгейі жоғары болғандықтан жеңді", - дейді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар