Top Rank-тегі қазақ боксшы жеңілмеген "Жирен арыстанмен" жекпе-жекке шығады

3 желтоқсан 2021 09:32
©ВКонтакте желісіндегі Профи Бокс Казахстана парақшасынан

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық проспект Сағадат Рахманқұлов (8-2, 6 КО) 18 желтоқсанда кәсіпқойдағы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы Сағадат K2 Promotions Ukraine компаниясы Броварда (Украина) өткізетін бокс кешіне қатысады. Ал қазақ боксшының қарсыласы "Жирен арыстан" лақап атты 19 жастағы жергілікті боксшы Василий Чеботарь (9-0, 3 КО) болады. 

Шоудың басты айқасында жеңіл салмақта WBO ұйымының құрлықтық титулына ие украиналық Денис Беринчик пен ресейлік Иса Чаниев жұдырықтасады. Кардта тағы бір қазақстандық Берікбай Нұрымбетов (8-4-1, 3 КО) өзге украиналық Дмитрий Митрофановпен (11-0-1, 5 КО) кездесу өткізеді. 

Айта кетейік, Чеботарь әуесқойлар арасында Сербияда өткен әлем чемпионатына қатысып, бірінші айқасында Санатәлі Төлтаевтан жеңілген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport