Тайсон Фьюри алда жекпе-жек өткізетін бес қарсыластарының есімін атады

9 қыркүйек 2021 17:06
©BoxingScene

Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері британдық Тайсон Фьюри алдағы бір жылдағы жоспарымен бөлісті. 

"Алдағы бір жылдың ішінде мен төрт кездесу өткіземін. Алдымен Уайлдерді тас-талқан етіп жеңіп, кейін желтоқсан айында шаршы алаңға ораламын. Бірақ ол кездесуден кейін Энтони Джошуамен кездесе алмайтын шығармын. Кезекте Диллиан Уайт тұр. Ол желтоқсан айында Ұлыбританияда жекпе-жек өткіземін деді. Кімге қарсы екенін іштеріңіз сезіп тұрған болар. Сосын келер жылы наурыз айында Джошуға қарсы кездесу. Сауд Арабиясында жоспарланып отыр. Ал жазда Энтониге қарсы "Уэмблиде" реванш өткізуге болады. 

Содан соң Дерек Чисораға қарсы айқас өткізіп, екі жылға бокстан кетемін. Кейін 37 жасымда боксқа қайта келемін", - деп келтіреді Фьюридің сөзін BoxingScene порталы. 

Айта кетейік, Фьюри өзінің соңғы кездесуін 2020 жылдың 22 ақпанында Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық Деонтей Уайлдерді нокаутпен жеңді. Енді оның келесі кездесуі дәл осы қарсыласпен өтеді. Айқас 9 қазанға белгіленген. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: