"Тәуекелге бармады". Белгілі боксшы Головкин мен "Канело" трилогиясы жайлы

22 қыркүйек 2022 08:35
©Tengrinews.kz, Тұрар Қазанғапов

Белгілі ресейлік боксшы Дмитрий Кудряшов (25-5, 24 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (58-2-2, 37 КО) қарсы трилогияда тәуекелге бармағанын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Екі бокс жұлдызы арасында өткен айқас болды. Алайда көптен күкен жекпе-жек тартысты өтпеді. Екеуі де трилогияның уақытынан ерте аяқталуына күш салған жоқ. Головкин тәуекелге барған жоқ. "Канело" да аса сақтықпен жұдырықтасты. Әрине мұндайда кез-келген соққы нокаутпен аяқалар еді. Сондықтан ашық айқасты көрмедік. Егер Гена бірінші раундтан бастап белсенділігін көрсеткенде соңына дейін шаршап қалар еді. Ол негізгі күшін жекпе-жеңін соңына қарай салды", - дейді Кудряшов Meta MMA YouTube арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, екінші орта салмақта IBF, WBC, WBA Super и WBO белбеулері сарапқа салынып, Канело карьерасында екінші рет Головкиннен басым болды.      

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport