Ташкенттегі ӘЧ: боксшыларымыздың жартылай финал айқастарына трансляция

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Бүгін, 12 мамыр Ташкентте бокстан әлем чемпионатының жартылай финал айқастары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстан құрамасынан рингке бүгін бес боксшы шығады. 

15:00-де басталатын күндізгі сессияда үш қазақ боксшы айқасады. Екінші жұпта 48 келі салмақтағы Санжар Тәшкенбай ресейлік Эдмонд Худоянмен финалға жолдаманы сарапқа салады. Одан кейін 54 келіде Махмұт Сабырхан кубалық Йосвани Вейтиамен жұдырықтасады. Жетінші жұпта Дулат Бекбауов грузиялық боксшы Лаша Гурулимен қолғап түйістіреді (67 келі).

19:00-де басталатын кешкі сессияда рингке екі қазақстандық шығады. Асыланбек Шымбергенов үндістандық Нишант Девпен кім мықтыны анықтайды (71 келідегі боксшылар жетінші жұпта). Ал оныншы жұпта рингке 80 келіде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай ресейлік Имам Хатаевпен кездесу өткізеді. 

Жекпе-жектерді Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді.

ӘЧ-нің жартылай финал айқастарына трансляция >>>>>

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар