Танымал промоутер Қазақстанда бокс кешін өткізуі мүмкін

2 желтоқсан 2019 15:57
Боб Арум. © Top Rank
Танымал промоутер Боб Арум әлемнің түрлі елінде бокс кешін өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 
"Бокс нарығы әлем бойынша ауқымы кең. Бізде ESPN және ESPN+ үшін 30 бос күн бар. Мен соның ең кемі шет елдерде өткенін қалаймын. 
Хосе Рамирес жақында Қытайда жекпе-жекке шығады. Егер Карл Фрэмптон келесі жұдырықтасуын сәтті аяқтаса, Джамелом Херринг екеуі Белфаста жекпе-жекке шығады. Қазақстанда да болуы мүмкін, сонымен қатар Шешенстан Республикасы да қызығушылық танытып отыр", - дейді промоутер. 
Боб Арумның сөзінше, ол сәтін салса кез келген мемлекетте бокс кешін ұйымдастыруға дайын екен.


Метки: