"Таңғалдырмады". Әлімханұлы ұлыбританиялық қарсыласы туралы

©Top Rank

Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) британдық боксшы Дензел Бентли (17-2-1, 14 КО) туралы пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

- Қарсыласыңыз таңғалдырды ма?

- Жоқ. Таңғалдырмады. Бірақ шаршы алаңда ширақ қимылдайтыны көрініп тұрды. 

- Сіз бірінші рет 12 раунд жұдырықтастыңыз. Бұдан қандай сабақ алдыңыз?

- Иә, расында мен бірінші рет 12 раунд жұдырықтастым. Біз бұл кездесуден кейін командамен айқасты көріп, қателікпен жұмыс істейміз. Әлі шыңдайтын дүниелер бар. 

Айта кетейік, Әлімханұлы бүгін Лас-Вегаста (АҚШ) қаласында өткен кездесуде 116-112, 116-112, 118-110 есебімен жеңіп, бірінші мәрте WBO белбеуін қорғады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport