"Тағы да сабайды, таза жеңеді". Абель Санчес Головкинге "Канело" айласынан сақтануға кеңес берді

Сурет: Getty Images
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес AB Boxing News арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңетініне сенім білдірді.

"Геннадий оны екі рет сабады. Сондықтан "Канелоны" үшінші рет жеңуге бөгет жоқ. Тек Головкин "Канеломен" Вегаста жұдырықтаспайды деген үміттемін, егер бас тарта алмайтындай қызықтырмаса. "Канелоға" ол жерде рақымды сияқты.

Сондықтан екеуі тағы айқасар болса, басқа жер таңдағаны жөн, сонда GGG оны таза жеңеді. Головкин оны алдыңғы екі кездесудегідей қайта жеңеді", - дейді Санчес. 

"Геннадий қирайды, көргім де келмейді". Абель Санчес "Канело"- Головкин жекпе-жегі жайында