"Сылтау керек емес". "Канело" Биволмен қай салмақта айқасатынын айтты

©ESPN

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жартылай ауыр дивизионда WBA Super белбеуіне ие Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) қарымта өткізу үшін қайтадан жоғары салмаққа көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды vRINGe.com.

8 мамырда "Канело"  Биволдан төрешілер шешімімен жеңілген еді.

"Биволмен қайта жұдырықтасамын және мұны 79,4 келіде жасаймын. Өйткені еш ақталғым келмейді. Маған сылтау керек емес. Сондықтан Биволмен жекпе-жекке шықсақ, тек жартылай ауыр салмақта", - дейді Альварес. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport