Суперауыр салмақта абсолют чемпион. Головкин промоутері Джошуа мен Фьюри жекпе-жегі туралы құлақтандырды

Коллаж MMABoxing.ru
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн суперауыр салмақтағы британиялық екі чемпион - ісін өзі жүргізетін Энтони Джошуа (23-1, 21 КО) мен Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) арасындағы жекпе-жек туралы құлақтандырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Хирн екі боксшы да екі жекпе-жек өткізуге келісім бергенін растады, ал келісімшартқа мән-жай келісілген соң бірден қол қойылады. 

Осыдан кейін Хирн Instagtam желісінде DAZN стриминг қызметінде трансляцияланатын осы кездесудің афишасын жариялады.

Еске салайық, Джошуа IBF, WBA, WBO және IBO титулдарына ие. Ал Фьюри WBC чемпионы. Демек, боксшылардың бірі жекпе-жекке дейін белбеулерінен бас тартпаса, жеңімпаз абсолют чемпион атанады.