Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Суперауыр салмақта 12 нокауты бар қазақстандық мамырда жекпе-жекке шықпақ
Сурет: Shamo Boxing Promotions
Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (13-0, 12 КО) келесі жекпе-жегін мамырда өткізуі мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында кәсіпқой боксшы короновирус жоспарын бұзбайтынына үміттенетінін айтты.
31 жастағы қазақстандық 2020 жылды бір жекпе-жек өткізіп үлгерді, бұл кездесуде ол 29 жастағы ганалық Абрахам Табулды (17-4-1, 14 КО) нокаутпен жеңген.
"Мамырда Гамбургте жекпе-жек өткізуім мүмкін. Егер коронавирусқа байланысты карантинді ұзартпаса. Қарсылас? Бірнеше боксшы бар, бірақ, нақты шешілген жоқ", - дейді Кособуцкий.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы бұл қалада бұрын да жекпе-жек өткізген. Былтыр қарашада Жан хорватиялық Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутқа түсіріп, IBO ұйымының құрлықтық титулын жеңіп алған.
Еске салайық, Кособуцкий кәсіпқой карьерасын 2017 жылы бастап, Германия, БАӘ, Беларусь, Ресей мен Украинада өнер көрсеткен. Әуесқойда боксшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған.
Жарнама