Супер ауыр салмақта 43 нокауты бар чемпионды қарсыласынан күзет ажыратып алды

© boxingscene.com
Супер ауыр салмақта WBC чемпионы Деонтей Уайлдер (43-0-1, 41 КО) мен британиялық Тайсон Фьюри (29-0-1, 20 КО) Лас-Вегастағы баспасөз мәслихаты кезінде төбелесіп қала жаздады. 

Екі боксшы сахнада бір-біріне қарсы келіп сөз байласып қалды. Осыдан кейін амеркиалық боксшы қарсыласын итеріп жіберді. Күзет пен бокс командасының мүшелері төбелеске жол бермеді. 

Уайлдер - Фьюри жекпе-жегі 22 ақпан Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтеді. 2018 жылы Лос-Анджелесте өткен бірінші жекпе-жекте боксшылар тең түскен болатын.