Сұмдық нокауттан кейін Жанқош әлемдік рейтингте шарықтап кетті

13 желтоқсан 2022 09:31
©instagram.com/zhankoshturarov

Титулды айқастағы нокаутпен жеңістен кейін қазақстандық Жанқош Тұраровтың (26-0, 19 КО) Boxrec.com сайтындағы орны едәуір жоғарлады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өткен бокс кешінде Жанқош жетінші раундта внесуэлалық Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші жартылай салмақтағы бос болған IBO Intercontinental титулын иеленді.

Осыған дейін BoxRec рейтингінде 242-орында тұрған Тұраров бірден 45-орынға шарықтай көтерілді. 

Алдымен екі құлатты. Жанқош титулды айқаста сес көрсеткен қарсыласын нокаутқа түсірді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport