Сұмдық күйде! Тайсон аса қауіпті соққыларының видеосын жария етті

1 қыркүйек 2020 10:38
Сурет: dazn.com
Аты аңызға айналған америкалық боксшылар Майк Тайсон және Рой Джонс 28 қарашада рингте кездеседі, - деп хабарлайды vRINGe.com. Жекпе-жек тамаша үшін ғана өтеді. 

Аңыздардың жекпе-жегі көбірек кіріс әкелу үшін Калифорнияның Атлетикалық комиссиясы бұрын-соңды болмаған қадамдарға барып отыр: боксшыларға басты қорғайтын арнайы шлемсіз жұдырықтасуға,  жеңімпазды анықтауға да рұқсат берді, тіпті арнайы титулды да сарапқа салады.

Осыны және дене бітімдерін ескерсек, Джонс үлкен қиындықтарға тап болуы мүмкін. Ал оның үстіне Тайсон да бабына келіп алған сияқты және мұны жаңа видеосы арқылы паш етуде.